Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

«Оған мүмкіндік беремін, бірақ бәрі менің оны нокаутқа жіберетінімді біледі». Ілия Топурия Пимблеттпен жекпе-жегі туралы

28 жастағы жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, жеңіліс көрмеген испания-грузиялық Илия Топурия 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін, 30 жастағы Ұлыбританиялық UFC жұлдызы Пэдди Пимблеттті нокаутқа жіберетініне күмән келтірмейді.

«Егер UFC мені [Пэдди Пимблеттпен жекпе-жекке] көндірсе, мен оған бұл мүмкіндікті беремін. Бәрі менің оны нокаутқа түсіретінімді біледі», — деп келтіреді Топурияның сөзін журналист Альваро Кольменеро әлеуметтік желі X-тегі (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде UFC 317 турнирінде Ілия алғашқы раундта бразилиялық Чарльз Оливейраны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Осылайша, Топурия UFC жеңіл салмағының абсолютті чемпионы атанды. Бұл жеңіс «Матадордың» ММА-дегі 17-ші, ал UFC-дегі 9-шы жеңісі болды.

Ұқсас жазбалар

Альварес пен Кроуфорд арасындағы жекпе-жек Netflix платформасында көрсетіледі

admin_kingring

Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды

admin_kingring

«Құттықтаймын! Көріскенше!»

admin_kingring