Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукасқа өзге елдер азаматтығын ұсынуда

Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

Ангелина Лукас (14-1, 7 KO) Қазақстаннан не үшін кеткенін түсіндіріп, азаматтығын ауыстыру туралы ұсынысты есіне алды, деп хабарлайды kingring.kz порталы.

 

Айта кетейік, бір күн бұрын 28 жастағы спортшы Қазақстаннан уақытша қоныс аударған болатын. Ол осы оқиғаға байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

 

«Мен елден тек жекпе-жекке дайындалуға кеттім. Осы орайда, есіме түскені 2021 жылы маған Токио Олимпиадасының алдында азаматтығымды ауыстырып, Олимпиада ойындарында қатысуым үшін екі мемлекет ірі келісімшарт ұсынды. Олар миллиондаған долларлық келісімшарттар болатын. Көріп отырғаныңыздай, мен елімнен бас тартпадым және отаныма опасыздық жасаған жоқпын. Сондықтан уайымға салынудың қажеті жоқ. Мен жәй ғана алдағы жек-жекке дайындалу мақсатында уақытша қоныс аударды. Себебі, Қазақстанда өтетін әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын кездесуге сақадай сайын дайын болуым керек» — деп жазды Лукас әлеуметтік желіде.

 

Естеріңізге сала кетейік, биыл 31 қаңтар мен 21 ақпан аралығында Ангелина бірден үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Ұқсас жазбалар

Камару Усман UFC 315 турнирінде Белал Мұхаммедпен қақтығыс болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды:

admin_kingring

UFC тарихындағы сенсация! Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері алғаш рет октагонда жолығады

admin_kingring

Шавкат Рахмонов Иэн Герриге жауап қайтарды

admin_kingring