Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Бекзат Алмахан UFC 315 турниріне дайындық аясында UFC чемпионымен спарринг өткізді

Фото: Бекзат Алмахан

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан 10 мамыр күні Монреаль қаласында өтетін UFC 315 турниріне дайындығын жалғастыруда. Қазіргі таңда Алмахан АҚШ-та, әлемдегі ең танымал спорт залдарының бірі — American Top Team-де жаттығып жүр, деп хабарлайды kingring.kz порталы.

Жаттығу жиыны аясында Бекзат UFC-дің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы, бразилиялық Александр Пантожамен спарринг өткізді.

Алмахан үшін бұл октагонға ұзақ үзілістен кейінгі оралу болады. Ол UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін 2024 жылдың наурыз айында Умар Нурмагомедовке қарсы өткізіп, жеңіліп қалды. Алайда, ол қарсыласын Умарды нокдаунға түсірген алғашқы спортшы атанды.

Ұқсас жазбалар

Астанада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік “Qazaqstan Barysy Grand Slam”турнирі өтеді

admin_kingring

Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегі белгілі болды

admin_kingring

Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

admin_kingring