UFC комментаторы Джо Роганның айтуынша, ұйым басшылығы жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Ислам Махачев пен жартылай орта салмақтағы уақытша чемпион Белал Мұхаммед арасында жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқылауда, деп хабарлайды kingring.kz порталы Championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Дана Уайт маған матчмейкерлердің қандай қиындықтарға тап болып жатқанын мәлімдеді. Ол Белал жеңіске жеткен жағдайда не болатынын ашық айтты. Ислам мен Белал арасындағы жекпе-жек идеясы да қозғалды», – деді Роган.
Айта кетейік, 11 мамыр күні Канададағы Квебек қаласында өтетін UFC 315 турнирінде Белал Мұхаммед жартылай орта салмақтағы белдігін алғаш рет қорғайды. Оның қарсыласы – австралиялық Джек Делла Маддалена.
Осы жаңалықтардан кейін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жекке мүмкіндігі сұрақ астында қалады. Ол өткен жылдың желтоқсанында Иэн Гэрриді сенімді түрде жеңіп, чемпиондық белдік үшін басты үміткер атанған болатын. Алайда Махачев пен Мұхаммед арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек дивизиондағы жағдайды өзгертіп, Рахмоновты қалаулы титулдық кездесуден алыстатуы мүмкін.