Kingring.kz
UFCЖаңалықтар

Шавкат Рахмонов Иэн Герриге жауап қайтарды

Қазақстандық танымал файтер Шавкат Рахмонов ирландиялық спортшы Иэн Гэрримен бірге түскен суретін әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды kingring.kz порталы.

Рахмонов Instagram парақшасына ирландиялық файтерге қарсы жеңісті жекпе-жектен алынған кадр аясында түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеді. Стористі қазақстандық танымал орындаушы Скриптониттің «Не расслабляйся» атты трегімен жариялады.

Бұған дейін Иэн Гэрри Рахмоновпен жекпе-жек кезіндегі тұншықтыру әдісі кезінде түскен сәттегі суретін жатын бөлмесіне іліп қойғанын айтқан болатын.

Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек 2024 жылдың 8 желтоқсанында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде өтті. Аталған кездесуде қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Ұқсас жазбалар

UFC 317: Илия Топурия мен Чарльз Оливейра жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін кездеседі

admin_kingring

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы белгілі болды

admin_kingring

Макс Холлоуэй мен Дастин Порье үшінші рет кездеседі

admin_kingring