Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Садриддин Ахмедовтың бапкері жекпе-жегінің алдында мәлімдеме жасады

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың (15-0, 13 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртінің мексикалық боксшы Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды kingring.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ахмедов пен Эспадас 19 сәуірде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде кездеседі. Қазақстан уақыты бойынша бұл жекпе-жек 20 сәуір күні таңертең өтеді.

— Бұл ауыр жекпе-жек болады. Бірақ Садриддин тынбай жаттығып жатыр және бірнеше ауыр сппаринг өткізді. Бұл жекпе-жек оны әлем чемпионы атағына жақындататын тағы бір қадам болады деп үміттенемін. Мені қарсыластың дайындығы алаңдатпайды. Маңыздысы — менің боксшымның дайындығы. Қарсылас ретінде кімді қойса да бәрібір. Біз ешкімге бейімделмейміз, керісінше, олар бізге бейімделсін, — деді Санчес жекпе-жек алдында.

Ұқсас жазбалар

Хоакин Бакли: «Мен Махачевтің ең жаман түсіне айналар едім»

admin_kingring

Джон Джонстың ММА-дағы мансабы туралы: «Мен үшін жеткілікті, аяқтадым»

admin_kingring

Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық жарыста қола жүлде үшін күреседі

admin_kingring