Хабаровскіде (Ресей) Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінде әйелдер арасында жартылай финалдық кездесулер өтті, деп хабарлайды kingring.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі, бірнеше дүркін ел чемпионы және 2019 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Римма Волосенко өзбекстандық Рашида Тагированы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіп шықты.
Ал 66 келіге дейінгі салмақта қазақстандықтар арасында дерби өтті. Аружан Жанабаева Ульдана Таубаймен кездесіп, 4:1 есебімен Таубай жеңіске жетті. Ол енді финалда бақ сынайды, ал Аружан турнирді қола медальмен аяқтады.