Kingring.kz
БасқаБоксЖаңалықтар

Геннадий Головкинге тағы бір жаңа атақ берілді

Фото: olympic.kz

Даңқты боксшы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин жаңа атақ алды. Ол – енді Алматыдағы КИМЭП университетінің құрметті докторы, деп хабарлайды kingring.kz порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин аталған университетке барып, студенттерімен кездескен болатын. Ол жастарға өзінің тәжірибесін спорттағы тәжірибесін, қазіргі қызметінің ерекшеліктері туралы айтты. Сонымен қатар, ҰОК президенті халықаралық қатынастардың дамуы, спорттық бастамаларды ілгерілету және елдің халықаралық деңгейдегі имиджін нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндады.

Кездесу аясында Геннадий Головкинге КИМЭП университетінің Құрметті докторы атағы ресми түрде табысталды. Бұл атақ оның Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріліп отыр.

Халықаралық академиялық тәжірибеде мұндай құрметті дәреже қоғам, мәдениет және халықаралық байланыстардың дамуына айрықша ықпал еткен ерекше еңбегі үшін табысталады.

Ұқсас жазбалар

Осы айдың ең үздік жекпе-жегі анықталды

admin_kingring

Джек Делла Маддалена Махачевпен жекпе-жегі туралы пікірі

admin_kingring

Дастин Порье UFC жеңіл салмағын жандандыру жолдарын ұсынды:

admin_kingring