Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Әлем және Азия чемпионының жартылай финалы ірі сенсациямен аяқталды

Фото: kfb.kz

Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жартылай финалында Қазақстанның тәжірибелі боксшысы, әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов жекпе-жегін күтпеген нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды kingring.kz порталы penalty.kz сайтына сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жүсіпов жартылай финалда КХДР өкілі Тэ Ганмен жұдырықтасып, белсенді, қарқынды және айырбас соққыларға толы кездесуде төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Тэ Ган финалда 19 сәуірде Ресейлік Володя Мнацаканянмен кездеседі.

Жартылай финалға дейін Теміртас Жүсіпов мықты спорттық формасын көрсетіп, ресейлік Михаил Прокопьевті 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп шыққан болатын. Бұл кездесуде Жүсіпов өзінің тәжірибесін толықтай көрсетіп, жанкүйерлердің үмітін арттырған еді.

Ұқсас жазбалар

Абылайхан Жұбаназар Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді

admin_kingring

Азия чемпионаты: 3 дзюдошымыз қола жүлдеге таласады

admin_kingring

Петр Янның қарсыласы белгілі болды

admin_kingring