Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды

Халықаралық турнирде ерлер құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңді.
Нұрлан Сапарбай (92 келі) ресейлік Орудж Мамедов, Сәкен Бибосынов (54 келі) финалда ресейлік Денис Палшинді 5:0 есебімен жеңіп, аталған турнирдің чемпионы болды.

Финалда Сағындық Тоғамбай (92 келі) ресейлік Сергей Слободян дәл осындай есеппен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Жандос Қыдыралиев (63.5 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (67 келі) қола жүлдегер болды.

Әйелдер құрамасынан финалда қарсыластарына есе жіберген Айдана Забынбекова (57 келі), Ұлдана Таубай (66 келі), Римма Волосенко (60 келі) екінші орын алды.

Ел құрамасынан Гүлнар Тұрапбай (50 келі) мен Аружан Жаңабаева (66 келі) үзздік үштіктен көрінді.

 

Ұқсас жазбалар

Чейл Соннен: Джон Джонс пен Том Аспиналл арасындағы жекпе-жек болады

admin_kingring

Сауль Альварес Уильям Скаллды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды

admin_kingring

Гурам Кутателадзе UFC ұйымынан кетті

admin_kingring