Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Шавкаттан таяқ жеген Гэрри басты жекпе-жекте өнер көрсетеді

UFC on ESPN 66 турнирi 27 сәуір күні таңда Канзас-Сити қаласындағы «T-Mobile орталығында» өтеді.

Турнирдің басты жекпе-жегі жартылай орта салмақта ирландиялық Иэн Гэрри мен бразилиялық Карлос Пратес арасындағы кездесу.

Орта салмақта ресейлік спортшы Икрам Алисскеров бразилиялық Андре Мунизбен жекпе-жек өткізеді, ал Ресей мен Германия атынан сынға түсетін Абусупьян Магомедов бразилиялық Мишел Перейрамен кездеседі.

27 жастағы ирландиялық спортшы 2024 жылдың желтоқсанынан бері алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Сол кезде ол бес раундтық жекпе-жекте Рахмоновтан жеңілген еді, алайда қазақ спортшысымен судьялар шешіміне дейін жеткен алғашқы жауынгер болды. Қазір Гэрри дивизиондағы үміткерлер рейтингінде жетінші орында тұр.

Ұқсас жазбалар

Даниял Сәбит чемпион атанды

admin_kingring

Хоакин Бакли: «Мен Махачевтің ең жаман түсіне айналар едім»

admin_kingring

«Мен оны жеңемін». Камару Усман Баклимен болатын жекпе-жек туралы

admin_kingring