Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтарСараптама

Иан Гарри: Махачев әлемдегі ең мықты жауынгер

UFC-дің жартылай орта салмағындағы жетінші нөмірі, ирландиялық Иэн Гарри қазіргі жеңіл салмақтағы (70 кг дейін) UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачев туралы жылы пікір білдірді.

Махачевтың UFC-дің жартылай орта салмағындағы чемпиондық белдікке үміткерлер кезегін айналып өтуге толық құқығы бар. Ислам Махачев, әлемдегі ең үздік жауынгер. Оған құрмет көрсету керек. Егер бұл жігіт: «Мен келесі үміткер болғым келеді» десе, бұл салмақтағы барлық спортшылар келіседі [және оған чемпионмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік береді]. Егер біреу бұған қарсы болса, онда ол әлемдегі ең ұлы жауынгерге құрмет көрсетпегені.

Егер Ислам жоғары салмаққа өтіп, сол жерде қалуды шешсе, бұл дивизиондағы әрбір спортшы үшін трагедияға айналады. Махачев – барлық жағынан мықты спортшы. Қараңыздаршы, Хабиб те күресте үстем болды. Ал Ислам дәл сондай, бірақ жекпе-жек кезінде, бәлкім, одан да ұқыпты. Оның көтерілуі жартылай орта салмақты қызықты ете түседі. Мен онымен жекпе-жекке шығып, өзімді сынап көрер едім», — деп келтіреді Иан Гарри Bloody Elbow порталында.

Ұқсас жазбалар

«Мен оны жеңемін». Камару Усман Баклимен болатын жекпе-жек туралы

admin_kingring

Абиба Абужақынова — Душанбедегі Үлкен дулыға жарысының қола жүлдегер

admin_kingring

Қазақстандық боксшы Беларусь чемпионын бірінші раундта нокаутқа жіберді

admin_kingring