Kingring.kz
MMAUFCАнонсЖаңалықтар

Макс Холлоуэй мен Дастин Порье үшінші рет кездеседі

UFC-дің бұрынғы жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Макс Холлоуэй UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша титулының иегері болған Дастин Порьемен үшінші жекпе-жегін UFC 318 турнирінде өткізеді. Бұл турнир 19 шілдеде АҚШ-тың Луизиана штатындағы Жаңа Орлеан қаласында өтеді. Кездесуде BMF титулы сарапқа салынады. Бұл туралы UFC өздерінің ресми сайтында хабарлады.

Еске салайық, Холлоуэй мен Порье арасындағы алғашқы жекпе-жек 2012 жылдың ақпан айында өтті, онда бірінші раундта тұншықтыру әдісімен Порье жеңіске жеткен болатын. Кейін, 2019 жылдың сәуірінде олар қайта кездесіп, бұл жолы да Порье төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Порье соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың маусымында өткізді, ол бесінші раундта UFC-дің қазіргі жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачевке тұншықтыру әдісімен жеңілді. Ал Холлоуэй соңғы кездесуінде үшінші раундта Илия Топуриядан нокаутпен жеңіліп қалды. Алдағы үшінші жекпе-жек ерекше тартысты болмақ.

Ұқсас жазбалар

«Чарльзға ештеңе болмасын деп дұға ет, себебі мен – жеңіл салмақтағы сен үшін ең қиын қарсылаумын

admin_kingring

Гурам Кутателадзе UFC ұйымынан кетті

admin_kingring

Камару Усман UFC 315 турнирінде Белал Мұхаммедпен қақтығыс болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды:

admin_kingring