38 жастағы украиналық боксшы Александр Усик (23-0, 14 КО) пен 27 жастағы британдық Даниэль Дюбуа (22-2, 21 КО) арасындағы қарымта кездесу өтетін болды.
Британдық боксшының промоутері Фрэнк Уорренге тиесілі «Queensberry Promotions» компаниясы жекпе-жектің 19 шілдеде Лондондағы әйгілі «Уэмбли» стадионында өтетінін ресми жариялады.
Александр Усик қазіргі таңда аса ауыр салмақтағы WBC, WBO, WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болса, Даниэль Дюбуа IBF белбеуіне иелік етеді.
2023 жылы Усик Дюбуаға қарсы жекпе-жекте тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.