«Біз табыс таппай отырмыз» «Бұл – біз үшін нағыз бас қатыратын дүние. Қазір Том тек бабында болу үшін жаттығып жүр. Біз оның техникасына жаңа элементтер қосып жатырмыз, бірақ ол шынайы спортшы ретінде рингке шығып, күшін сынаса, әлдеқайда дұрыс болар еді. Жаттығу – өз алдына бір бөлек дүние, ал нақты мақсат үшін дайындалу – мүлде басқа нәрсе. Одан бөлек, бұл – Томның кәсіби жұмысы. Ол осы арқылы күн көріп, табыс табуы керек. Мен де оның бапкері ретінде, табыс көзінен айырылып отырмын, өйткені Том жекпе-жек өткізбей келеді. Әрине, мәселе тек ақшада емес. Сен өз шәкіртіңнің дайын кезде өнер көрсеткенін көргің келеді. Бірақ ол төбелеспейді, ал бұл – өте өкінішті әрі ашуландырады», – деп келтіреді британдық маманның сөзін Bloody Elbow басылымы.