Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Арман Царукян: «Төсектен тұра алмай, қозғала алмадым

UFC жеңіл салмақтағы бірінші нөмірі Арман Царукян UFC 311 турнирінде Ислам Махачевпен өтетін реванштан не себепті бас тартуға мәжбүр болғанын ашық айтты. Жауынгер бел омыртқасынан алған ескі жарақаты қайта қозып, жаттығуларын жалғастыра алмай қалған.

«Бұл жарақат мені соңғы екі жыл бойы мазалап келеді. Белімді алғаш жарақаттап алғаннан бері жаттығу немесе салмақ түсіру кезінде үнемі сезіліп тұрады. Бұл жолы да солай болды. Эйрбайкте отырған кезде жарақат алған жоқпын. Оның алдында күрес жаттығуы болды. Түнде ұйықтаған кезде белім сыздап, ауыра бастады. Таңертең оянғанымда, ауырсыну күшейіп, бір жылынсам, бәрі өтеді’ деп ойладым», — дейді Царукян.

Алайда жаттығу кезінде жағдай одан әрі қиындай түскен.

«Эйрбайкпен шұғылдана бастағаным сол еді, белім тағы да құрысып қалды. Қозғала алмай қалдым. Бел омыртқасын сындырып алған адамдар мен седалищный нервтің не екенін білетіндер мені жақсы түсінеді. Мұндайда бірнеше күн тек жату керек, сонда ғана жеңілдеуі мүмкін», — дейді ол.

Арманның айтуынша, бұл жекпе-жек үшін оған қомақты қаламақы ұсынылған. Алайда ол ақша үшін емес, чемпиондық титул үшін жекпе-жекке шығуға дайын болған. Бірақ жарақатына байланысты өз күшіне сенімсіздік туған.

«Махачевпен реванш үшін үлкен гонорар берілетін. Бірақ мен бұл жекпе-жекке ақша үшін емес, белбеу үшін шығуға дайын болдым. Дегенмен, жарақатпен шығуға жүрексіндім. Жеңіске сенім болмады. Салмақ өлшеу күні төсектен тұра алмай, қозғала алмадым», — деп түйіндеді Царукян.

Ұқсас жазбалар

Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

admin_kingring

Джек Делла Маддалена Махачевпен жекпе-жегі туралы пікірі

admin_kingring

Оливейраның менеджері: егер Махачев жартылай орта салмаққа өтсе, белбеуден айырылады

admin_kingring