Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Сауль Альварес Уильям Скаллды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды

Бүгін Эр-Рияд қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Кештің басты жекпе-жегінде WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен IBF белбеуінің иегері, кубалық Уильям Скалл кездесті. Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен Канелоның жеңісімен аяқталды. Бұл 34 жастағы Альварестің кәсіпқой мансабындағы 64-ші жеңісі. Оның рекорды — 63 жеңіс, 2 жеңіліс және 2 тең нәтиже. Ал 32 жастағы Уильям Скалдың кәсіпқой көрсеткіші — 21 жеңіс және 1 жеңіліс. Кубалық боксшы үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.  Осылайша, Сауль Альварес екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын қайта иеленіп, бұл мәртебеге екінші мәрте қол жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Осы айдың ең үздік жекпе-жегі анықталды

admin_kingring

Ертең бокс жанкүйерлерін үлкен кеш күтіп тұр

admin_kingring

Майкл Биспинг: Ислам Махачев Топуриямен жекпе-жектен бас тартқаны үшін титулынан айырылмайды.

admin_kingring