Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Гилберт Бёрнс: «Махачев шын мәнінде жартылай орта салмақтың спортшысы, салмақ қуу арқылы өзін қинайды»

UFC-дегі жартылай орта салмақ (77 келіге дейін) санатында бұрын титул үшін таласқан бразилиялық Гилберт Бёрнс ресейлік Ислам Махачевтің салмақ дәрежесін өзгертуі мүмкін деген тақырыпқа пікір білдірді.

«Махачевтің дене бітімі ірі, ол жартылай орта салмақтың спортшысы. Қазіргі салмаққа жету үшін өзін қажытып, қинап жүр. Әр салмақ өлшеу рәсімінде өте нашар күйде болады тері мен сүйек қана. Ал келесі күні қайтадан алып спортшыға айналады», — деді Бёрнс Inside Fighting басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Махачев соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың ақпанында UFC 312 турнирінде өткізді. Онда ол бірінші раундта бразилиялық Ренато Мойканоны тұншықтыру әдісімен жеңді.

Алдағы уақытта Ислам Махачев UFC 315 турнирінде кездесетін Белал Мұхаммед пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуі мүмкін деген болжам бар.

Ұқсас жазбалар

Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық жарыста қола жүлде үшін күреседі

admin_kingring

Хабиб Шавкат Рахмоновты UFC чемпионы болуға басты үміткерлердің бірі деп есептейді

admin_kingring

Шон Брэди Иэн Гэрри туралы:

admin_kingring