Kingring.kz
ДзюдоЖаңалықтар

Қазақстандық дзюдошылар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 жарысында тоғыз медаль еншіледі

Астанада 9–11 мамыр күндері өткен дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. 10 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slamтурнирін тамашалады. Жарысқа Халықаралықдзюдо федерациясының президенті Мариус Визерқатысып, арнайы қонақ ретінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов келді.

Үш күнге созылған айтулы жарыста Қазақстанқұрамасы 3 күміс және 6 қола жүлде еншілеп, медальдық есепте 9шы орынға тұрақтады.

Қазақстандық жүлдегерлер тізімі:

Ғұсман Қырғызбаевкүміс (66 кг)
Ерасыл Қажыбаев — күміс (+100 кг)
Талғат Орынбасаркүміс (60 кг)
Мағжан Шамшадинқола (60 кг)
Аман Бақытжанқола (60 кг)
Абылайхан Жұбаназар — қола (81кг)
Есет Қуанов — қола (73кг)
Бақжан Байтас — қола (-100кг)
Марат Байқамұров — қола (-100кг)

Медальдық есепте IJF құрамасы 3 алтын, 2 күміспен І орын еншілесе, ІІ орынға 3 алтынмедальменОңтүстік Корея, ал ІІІ орынға 2 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдемен Жапонияжайғасты.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен жарысқа әлемнің 44 елінен 358 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қатысушылар арасында Олимпиада чемпиондары мен әлем біріншілігінің жеңімпаздары да бар.

Спортшылар үшін бұл жарыс әлемчемпионатының алдындағы соңғы Grand Slamкезеңі екенін айта кеткен жөн.

Естеріңізге салакетсекбұл доданың нәтижесінде IJF ережелерінесәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік жәнеолимпиадалық рейтингтерде ұпайларбөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

 

Биыл Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы елімізде үшінші рет өтті. Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартынасәйкесҚазақстан әлемдік Grand Slam жарысын2026 жылға дейін қабылдайды

Ұқсас жазбалар

Гурам Кутателадзе UFC ұйымынан кетті

admin_kingring

Жәнібек Әлімханұлы мен әлем чемпионы арасындағы үш белбеу үшін өтетін жекпе-жектің күні белгілі болды

admin_kingring

Энтони Смит Миньян Чжаннан нокаутпен жеңіліп, мансабын аяқтағанын жариялады

admin_kingring