Kingring.kz
MMAUFCАнонсЖаңалықтар

UFC 317: Илия Топурия мен Чарльз Оливейра жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін кездеседі

UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегі ретінде Илия Топурия мен Чарльз Оливейра арасындағы кездесуді ресми түрде жариялады. Жекпе-жек 2025 жылдың 29 маусымында АҚШ-тың Невада штатындағы Парадайс қаласында орналасқан әйгілі «T-Mobile Arena» аренасында өтеді.

Бұрын UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы (66 келіге дейін) чемпионы болған Илия Топурия енді жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) белбеу үшін бразилиялық экс-чемпион Чарльз Оливейрамен күш сынасады.

UFC мәліметіне сәйкес, қазіргі жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачев жартылай орта салмаққа ауысып, титулынан бас тартқан. Осылайша, бұл жекпе-жек жаңа чемпионды анықтайды.

Еске сала кетейік, Илия Топурия 2024 жылдың ақпанында өткен UFC 298 турнирінде австралиялық Александр Волкановскиді екінші раундта нокаутпен жеңіп, жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық атаққа қол жеткізді. Кейінірек, UFC 308 турнирінде америкалық Макс Холлоуэйді үшінші раундта нокаутқа түсіріп, белбеуін сәтті қорғады.

Чарльз Оливейра соңғы рет 2024 жылдың 7 қарашасында Майкл Чендлермен жекпе-жек өткізіп, тәжірибесі мен шеберлігін көрсеткен болатын.

UFC 317 турнирі жеңіл салмақтағы жаңа дәуірдің бастамасы болмақ. Екі мықты спортшының кездесуі жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Ұқсас жазбалар

Азат Мақсұм Хабибтің командасындағы спортшыны жеңе алмады

admin_kingring

Эксклюзив! — Кез-келген қарсыласты жеңеміз!

admin_kingring

Двалишвили 2025 жылы тағы екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

admin_kingring