Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Пэдди Пимблетт: «Егер Топурия чемпион атанып, мені жекпе-жекке шақырса келесі үміткер мен боламын»

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы 30 жастағы ағылшын файтері Пэдди Пимблетт UFC чемпиондық белбеуіне үміткер атануы мүмкін жағдайды түсіндірді.

UFC 317 турнирінде Илие Топурия мен Чарльз Оливейраның жекпе-жегінде боламын. Егер Топурия жеңіске жетсе, оның мені жекпе-жекке шақырғанын елестету қиын емес. Тіпті бұл маған тиімді болмақ — бәлкім, мен үшін үміткерлік жекпе-жек те қажет болмайды. Егер ол мені шақырса, титулды алғаш қорғауында маған қарсы шығуы әбден мүмкін. Өзі де менімен төбелескісі келетінін айтты, мен де солай, — деді Пимблетт ESPN порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Илия Топурия қазіргі таңда UFC жеңіл салмағының чемпионы болып табылады. Ол алдағы жекпе-жегінде белбеуін Чарльз Оливейраға қарсы қорғайды.

Ұқсас жазбалар

Двалишвили титул қорғаған жағдайда келесі қарсыласы кім болатынын айтты

admin_kingring

UFC 317 турнирінің тағдыры белгісіз күйде қалды

admin_kingring

Дастин Порье UFC жеңіл салмағын жандандыру жолдарын ұсынды:

admin_kingring