Жеңіл салмақта (70 келіге дейін) UFC рейтингінің тоғызыншы сатысында тұрған америкалық Бенейл Дариуш бұрынғы дивизион чемпионы және ұйым жұлдызы ресейлік Ислам Махачевпен бәсекеге толы жекпе-жек өткізе алар едім деп мәлімдеді.
«Бұл айқын жеңіспен аяқталатын жекпе-жек болар еді. Екеуміз де ешқашан төрешілер шешімімен жеңіліп көрмегенбіз. Мен жеңілем деп ойламаймын. Керісінше, мен жеңер едім деп сенемін», – деді Дариуш MMAJunkie-ге берген сұхбатында.
Бенейл Дариуш 36 жаста. Ол UFC-де 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың желтоқсанында UFC on ESPN 52 турнирінде өткізіп, ресейлік Арман Царукяннан нокаутпен жеңілген. Жалпы, UFC-де оның еншісінде 16 жеңіс, 6 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар.