Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды. Бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел қатысты. Атап айтар болсақ: Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам 12 салмақта жүлдені сарапқа салды. Чемпион атанған боксшылар: • 48 келі – Айым Танкибаева • 50 келі – Сила Биболсынқызы • 52 келі – Рахмина Абдумежитова • 54 келі – Жанель Имантаева • 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали • 60 келі – Толғанай Қасымхан • 63 келі – Алина Құдайгенова • 66 келі – Ақбота Есімбекова • 70 келі – Мария Сидоренко • 75 келі – Зарина Толыбай • 81 келі – Құралай Егінбайқызы • +81 келі – Сабина Жақсылық Енді санаулы сәттен кейін жастар санаты бойынша ұлдар арасында жеңімпаздардың есімі белгілі болады.

Ұқсас жазбалар

Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды

admin_kingring

Шара Буллет Абу-Дабиде өтетін UFC Fight Night турнирінде канадалық Барриомен жекпе-жек өткізеді

admin_kingring

Кайо Борралло Хамзат Чимаевпен ықтимал жекпе-жек туралы болжамымен бөліст

admin_kingring