Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Еліміздің 22 жасқа дейінгі ерлер құрамасы Азия чемпионатында 10 алтын алды

Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өткен Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан ерлер құрамасы 10 алтын медаль алды.

Құрлықтық дода 10-24 мамыр аралығында өткізілді. Оған 19 елден 74 боксшы келді.Онда 13 салмақтың 12-де қазақстандық былғары қолғап шеберлері финалға дейін жетті. Оның ішінде 10-ы жеңіс тұғырына көтерілсе, 2-і күміс медальды қанағат тұтты.

Құрама сапынан Кенже Мұратұлы (54 келі) ғана бірінші жекпе-жекте есе жіберіп, жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Қазақстандық боксшылар арасынан Тілеуберді Сүлеймен (48 келі), Диас Берікбай (51 келі), Жасурбек Анорбаев (57 келі), Нұрислам Қалдыбаев (60 келі), Бақтияр Анарбаев (67 келі), Ағажан Қадыр (71 келі), Аман Қонысбеков (75 келі), Бақберген Әлиасқаров (80 келі), Ибрагим Бетаев (86 келі), Азатбек Жолдасхан (92 келі) чемпион атанды.

Ал Сералы Жолмағанбет (63,5 келі) пен Ерсұлтан Сапар (92 келіден жоғары) күміс медаль иегерлері болды.

Ерлер құрамасында Қазақстан жалпы есепте көш бастаса, одан кейінгі орындарды Қырғызстан — 9 (2 алтын, 4 күміс, 3 қола), Тәжікстан — 6 (1 алтын, 2 күміс, 3 қола) медальмен өзара бөлісті.

Еліміздің 22 жасқа дейінгі ерлер құрамасы өз тарихында үшінші мәрте 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жүлдеге таласты. Алғаш рет 2023 жылы Таиландта отандастарымыз 3 алтын, 3 күміс, 5 қола алса, 2024 жылы Астанада 8 алтын, 5 күміс медальмен жарысты аяқтаған еді.

 

Ұқсас жазбалар

Дана Уайт Джонс пен Аспиналл арасындағы жекпе-жек туралы:

admin_kingring

Бенейл Дариуш: Мен Махачевті жеңер едім

admin_kingring

Шара Буллет Абу-Дабиде өтетін UFC Fight Night турнирінде канадалық Барриомен жекпе-жек өткізеді

admin_kingring