Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Шавкат Рахмонов қатарға оралуда: қазақстандық файтер жыл соңына дейін октагонға қайта оралмақ

UFC ұйымында жартылай орта салмақта өнер көрсететін, жеңіліс көрмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров шәкірті жайлы соңғы жаңалықтар

Оның айтуынша, Шавкат жаттығуларын қайта бастағанымен, әзірге толық көлемде емес.

– «Қазір біртіндеп бабымызды табуға кірістік, қалпымызға келіп, дайындықты жалғастырып жатырмыз», – деді Базров Betonmobile порталына берген сұхбатында.

Бұған дейін Рахмонов мамыр айында жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Белал Мұхаммедпен жекпе-жекке шығуы керек болған. Алайда тізе жарақатына байланысты бұл кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.

Шавкат октагонға 2025 жылдың соңына қарай қайта оралуды жоспарлап отыр деп хабарлайды sports24.kz сайты.

Ұқсас жазбалар

Ислам Махачев жеңіл салмақтағы белбеуін босатып, жартылай орта салмаққа өтті

admin_kingring

Бразилиялық Чарльз Оливейра Илияс Топуриямен болатын айқас жайлы ашық айтты:

admin_kingring

Дастин Порье мансабын аяқтауы жайында:

admin_kingring