Kingring.kz
MMAЖаңалықтар

Генри Сехудо грэпплинг ережелері бойынша Кайрат Ахметовты жеңді

27 мамыр күні Астанада Alash Pride FC 108 турнирі өтті. Аталған кеш аясында UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Генри Сехудо қазақстандық жанкүйерлердің сүйіктісі Кайрат Ахметовпен грэпплинг ережелері бойынша кездесіп, 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Сехудо UFC ұйымындағы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың ақпан айында өткізіп, Қытай өкілі Сонг Ядонгқа төрешілердің техникалық шешімімен жеңілген болатын. Бұл – Сехудоның қатарынан үшінші жеңілісі.

Жалпы, Генри Сехудоның кәсіби мансабында 21 жекпе-жек бар: оның 16-сында жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген. Ал Кайрат Ахметов 29 жекпе-жектің 27-сінде жеңіске жетіп, тек екі мәрте қарсыласына есе жіберген.

Ұқсас жазбалар

Арман Царукян алдағы жекпе-жек уақыты мен ықтимал қарсыласын атады:

admin_kingring

Ислам Махачевтің жаттықтырушысы Джек Делла Маддаленаның Белал Мұхаммедке қарсы жеңісін бағалады.

admin_kingring

Душанбедегі Grand Slam-ге қатысатын дзюдошылар

admin_kingring