Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Чарльз Оливейра: «Топурияны нокаутқа түсіретініме сенімдімін»

Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейра жартылай жеңіл салмақтағы экс-чемпион Илия Топуриямен жекпе-жекке бір ай қалғанда өз жеңісіне сенімді екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы кездесуде ол қарсыласын нокаутқа түсірмек.

«Адамдардың не айтатыны аса маңызды емес. Топурияның ауыр соққысы барын білемін, бірақ бұл – жеңіл салмақ. Бұл дивизион жартылай жеңіл салмақпен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Мен Джастин Гэтжимен жекпе-жек өткіздім – ол туралы да ауыр соққысы бар дейтін. Бірақ мен соққан кезде, ол құлады. Өз қолымның күшіне және рухымдағы отқа сенемін. Сондықтан 28 маусымдағы жекпе-жекті күтіңіздер. Мен бұл жігітті нокаутқа түсіремін. Бұл – нақты», – деді Оливейра MMA Junkie басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Чарльз Оливейра мен Илия Топурия АҚШ-та өтетін UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегінде кездеседі. Турнир 28 маусымға жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Райан Гарсия мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады!

admin_kingring

Хабиб Нурмагомедов игі іс жасады

admin_kingring

Двалишвили титул қорғаған жағдайда келесі қарсыласы кім болатынын айтты

admin_kingring