Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Шон Стрикленд Перейра мен Анкалаев арасындағы реваншқа пікір білдірді

UFC-дің бұрынғы чемпионы, америкалық Шон Стрикленд жартылай ауыр салмақта (93 келіге дейін) өтетін Магомед Анкалаев пен Алекс Перейра арасындағы күтілетін титулдық реваншқа қатысты өз ойын білдірді.

«Алекстің Анкалаевты реваншта жеңу мүмкіндігі жоғары. Бірақ меніңше, ол қазір шаршаңқы күйде. Ол қанша мәрте белбеуін қорғады? Бір салмақтан екіншісіне өтіп жүр.

Алекс – нағыз супержұлдыз. Ол үйінен шықса болды, біреу міндетті түрде: “Әй, суретке түсейікші!” – дейді. Мұндай нәрселер адамның ойын шаршатады. Егер Алекс бір сәтке тоқтап, ойын тазартып, бүкіл әлемді шарлауды доғарып, рингке сергек шықса – онда оның жеңіске жетуге толық мүмкіндігі бар», – деді Стрикленд Red Corner MMA басылымына берген сұхбатында.

Ұқсас жазбалар

Таиланд астанасында дзюдодан Азия чемпионаты басталды

admin_kingring

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді

admin_kingring

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

admin_kingring