Kingring.kz
БасқаЖаңалықтар

Таиландтағы турнирде Төрехан Сабырхан чемпион атанды

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Төрехан Сабырхан (70 келі) чемпион атанды.

Қазақстандық спортшы финалда өзбекстандық Мухаммадазизбек Исмоиловты 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетсек, Төрехан жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атағын жеңіп алған.
Төрехан былтыр қараша айында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.
Ерлер құрамасында енді Диас Молжігітов (80 келі) чемпиондық атаққа таласады.
Ал әйелдерде Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ ел құрамасынан Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Чейл Соннен: Джон Джонс пен Том Аспиналл арасындағы жекпе-жек болады

admin_kingring

Двалишвили 2025 жылы тағы екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

admin_kingring

Азия чемпионаты: 3 дзюдошымыз қола жүлдеге таласады

admin_kingring