Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Арман Царукян: «Шавкат әлі топ қарсыласпен айқасқан жоқ. Махачев жартылай орта салмақта чемпион болады»

Жеңіл салмақта UFC рейтингінің көшбасшысы Арман Царукян Камил Гаджиевке берген сұхбатында Ислам Махачевтің жартылай орта салмақта чемпион атануына еш кедергі көріп тұрмағанын айтты. Оның пайымынша, Махачевтің басты артықшылығы мықты күрес техникасы.

Царукян сондай-ақ қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қатысты да пікір білдіріп, оның әзірге нағыз элиталық күрес шеберімен жекпе-жекке шықпағанын атап өтті.

«Шавкат — өте мықты жігіт, бірақ оған әлі нақты күрес сынағы болған жоқ. Ал Ислам – нағыз грэпплинг шебері, сондықтан ол 77 келіде де чемпион бола алады», — деді Арман.

Еске салайық, Арман Царукян мен Ислам Махачев бұған дейін октагонда кездескен. Ал Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта UFC-де жеңіліссіз жүріп келеді және қазіргі таңда топ-5 рейтингінде.

Ұқсас жазбалар

Мэнни Пакьяоның 46 жасында рингке оралуы туралы пікірі

admin_kingring

Шавкаттан таяқ жеген Гэрри басты жекпе-жекте өнер көрсетеді

admin_kingring

Матеуш Гамрот: Пэдди Пимблеттпен жекпе-жек өткізгісі келеді

admin_kingring