Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Илия Топурия Мераб Двалишвилидің жеңісіне пікір білдірді

UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Илия Топурия Ньюарк қаласында (АҚШ) өткен UFC 316 турнирінде Мераб Двалишвилидің Шон О’Мэллиге қарсы реванштағы жеңісіне қатысты өз пікірін білдірді.

«Мұнда сөздің керегі жоқ. Бұл — аңыз!» — деп жазды Топурия әлеуметтік желі Х-тағы (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Еске сала кетейік, Двалишвили бұрынғы чемпион О’Мэллиді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп шықты. Бұл екеуінің арасындағы екінші кездесу болатын. Алғашқысы 2024 жылдың тамызында өткен, ол кезде де грузин спортшысы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.

Бұл жеңіс Мерабтың қатарынан 13-ші жеңісі болып тіркелді және ол чемпиондық атағын екінші рет қорғады.

Ұқсас жазбалар

Душанбедегі Grand Slam-ге қатысатын дзюдошылар

admin_kingring

Шон Стрикленд Перейра мен Анкалаев арасындағы реваншқа пікір білдірді

admin_kingring

Дастин Порье мансабын аяқтауы жайында:

admin_kingring