Kingring.kz
БоксЖаңалықтар

Нидерландтағы турнирде бес боксшы финалда сайысқа түседі

Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың 8 маусымдағы нәтижесі белгілі болды

Бұл күні ел құрамасынан сегіз боксшы сынға түсті. Олардың арасынан бесеуі финалға жолдама алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты.

Жекпе-жек нәтижесі төмендегіше:

50 келі. Даниял Сәбит (Қазақстан) — Редуан Ассаи (Бельгия). Сәбит нокаутпен жеңіске жетті.

65 келі. Ертуган Зейнуллинов (Қазақстан) — Али Абдуллаев (Әзербайжан). Төрешілердің басым бөлігінің шешімімен Али Абдуллаев жеңіске жетті.

70 келі. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) — Анас Каддури (Бельгия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Абылайхан шықты.

75 келі. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) — Джамал Кулиев (Украина). Төрешілердің бірауыздан шешімімен Джамал Кулиев финалға шықты.

80 келі. Ерасыл Жакпеков (Қазақстан) — Иде Силас (Дания). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Ерасыл шықты.

85 келі. Дәулет Төлемісов (Қазақстан) — Идрис Леганас (Бельгия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Ерасыл шықты.

90 келі. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) — Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Турабек Хабибуллаев шықты.

90 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) — Идрис Шонуби (Бельгия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Нұрлан шықты.

Айта кетейік, халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді

Ұқсас жазбалар

«Құттықтаймын! Көріскенше!»

admin_kingring

Жәнібек Әлімханұлы мен әлем чемпионы арасындағы үш белбеу үшін өтетін жекпе-жектің күні белгілі болды

admin_kingring

Асу Алмабаев Манель Капеге қарсы жеңілісіне қатысты алғаш рет пікір білдірді

admin_kingring