Қазақстандық ММА шебері Әліби Ыдырыс (10-0) UFC-дің танымал реалити-шоуы The Ultimate Fighter (TUF) турниріне қатысуда.
TUF реалити-шоуында жауынгерлер бір базада тұрады, белгілі бапкерлердің қарамағында жаттығып, жобада қалу үшін жекпе-жектер өткізеді. Жеңімпаздар UFC-мен келісімшартқа отыруға мүмкіндікке ие болады.
Кинопоиск платформасында шыққан үш серияны да комментатор Исатай Мәди қазақ тіліне дыбыстады.