Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Чарльз Оливейра: «Менің соққым Илиядан ауыр бұл ақиқат. Топурия жеңіл салмақты құрметтеуі керек»

UFC жеңіл салмағының (70 келіге дейін) бұрынғы чемпионы, бразилиялық файтер Чарльз Оливейра алдағы қарсыласы жартылай жеңіл салмақта (66 келіге дейін) бұрын чемпион атанған испаниялық-грузиялық Илия Топурияға қатысты пікір білдірді.

«Илия бұрын жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетті. Сондықтан ол жеңіл салмақтағыларды құрметтеуі тиіс. Менің соққым Илиядан ауыр бұл ақиқат, — деді Оливейра Championship Rounds парақшасына берген мәлімдемесінде (әлеуметтік желі X, бұрынғы Twitter).

35 жастағы Оливейра кәсіби мансабында 35 рет жеңіске жеткен, оның 31-і мерзімінен бұрын аяқталған. Бұған қоса, оның есебінде 10 жеңіліс және бір нәтиже жоқ деп танылған жекпе-жек бар.

Оливейра келесі жекпе-жегін 29 маусым күні Лас-Вегаста өтетін UFC 317 турнирінде Ілия Топурияға қарсы өткізеді.

Ұқсас жазбалар

Хоакин Бакли: «Мен Махачевтің ең жаман түсіне айналар едім»

admin_kingring

UFC 317 турнирінің тағдыры белгісіз күйде қалды

admin_kingring

UFC 317: Илия Топурия мен Чарльз Оливейра жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін кездеседі

admin_kingring