Жартылай орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мұхаммед осы салмақтағы тағы бір бұрынғы чемпион Камару Усманның үздік файтерлердің бірі Хоакин Баклиді жеңгеніне байланысты пікір білдірді. Бұл жекпе-жек 14 маусымнан 15 маусымға қараған түні Атлантада (Джорджия, АҚШ) өткен UFC on ESPN 69 турнирінің басты оқиғасы болды.
«Құттықтаймын, жақында кездесеміз!» — деп жазды Мұхаммед өз әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Усман Баклимен болған бес раундтық жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс арқылы ол қатарынан үш жеңілістен тұратын сәтсіз серияны тоқтатты. Айта кетерлігі, Усман Баклиге қарсы айқасқа екі жылға жуық үзілістен кейін шыққан болатын.