UFC ұйымының жеңіл салмақтағы (61 кг дейін) рейтингінде екінші орындағы ресейлік файтер Умар Нурмагомедов алдағы жекпе-жегін осы салмақ дәрежесінде бұрын чемпион атанған жерлесі Петр Янмен өткізуді жоспарлап отыр. Алайда бұл жекпе-жек Ян америкалық Маркус Макгиді жеңген жағдайда ғана мүмкін болады.
«Кори Сэндхаген мен Мераб Двалишвили арасындағы жекпе-жек қалай өтетінін білмеймін. Бірақ 100% сенімді түрде айта аламын — Кори келесі үміткер болады. Ол өте жақсы жігіт. Ал бізге Петямен — егер ол келесі жекпе-жекте жеңіске жетсе — кім басты үміткер екенін анықтау керек болады. Негізі оған менімен жекпе-жек ұсынылған, бірақ ол: «Қазанға дейін күткім келмейді», — депті. Ал мен қазір қолым жарақаттанып жүргенде, Петямен шығып, қайта жарақат алу — мағынасыз», — деді Умар Нурмагомедов adam zubayraev YouTube-арнасына берген сұхбатында.