Kingring.kz
MMAUFCЖаңалықтар

Шавкат Рахмонов: Титул үшін жекпе-жек өткізгім келеді

Жеңілмеген қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов биылғы жылдың соңына дейін октагонға оралуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Vestnik MMA порталына берген сұхбатында айтты.

«Өзім де жекпе-жекке оралғым келеді, тек жарақатты толық емдеп, толық дайын болуым керек. Қай қарсыласқа қарсы болатыны жағдайға байланысты, бірақ бірден чемпиондық белбеу үшін айқасуға ниетім бар. Ең бастысы – кімге қарсы шықсам да дайын болуым керек. Желтоқсанда ораламын деген әңгіме рас, бірақ жарақат мазаламаса болғаны», – деді Шавкат.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Оның кәсіби рекорды – 19 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.

Ұқсас жазбалар

Двалишвили Сэндхагенді Нурмагомедовтан қиын қарсылас деп санай ма?

admin_kingring

UFC тарихындағы сенсация! Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері алғаш рет октагонда жолығады

admin_kingring

UFC 319: Хамзат Чимаев пен Дрикус дю Плесси арасындағы титулдық жекпе-жек ресми түрде жарияланды

admin_kingring