Отандасымыз бұл жайлы «Azamat Sport» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. Айта кетейік қазан айында UFC 320 (4 қазан) және UFC Fight Night (18 қазан) өтеді. Алмахан өткен жекпе-жегін UFC 315 турнирі аясында өткізіп, Брэд Катонаны мерзімінен бұрын жеңген еді.