Жартылай ауыр салмақтағы (93 кг дейін) UFC чемпионы, ресейлік Магомед Анкалаев UFC 317 турнирінде (29 маусым, Лас-Вегас, АҚШ) бразилиялық экс-чемпион Алекс Перейрамен реванш өткізу ұсынылғанын, алайда Перейра бұл жекпе-жектен бас тартқанын мәлімдеді.
«Маған Халықаралық жекпе-жек апталығы аясында Алексқа қарсы жекпе-жек ұсынылды. Егер бұл адам қаламаса, әрі қарай кеттік, мен кез келген қарсыласқа дайынмын», – деп жазды Анкалаев X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, Перейра мен Анкалаев арасындағы алғашқы жекпе-жек наурыз айында UFC 313 турнирінде өтіп, ресейлік файтердің төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңісімен аяқталған еді.