Kingring.kz
UFCЖаңалықтар

Аспиналлдың әкесі ұлының Джонспен жекпе-жегінің тоқтап қалуына наразы:

«Біз табыс таппай отырмыз» «Бұл – біз үшін нағыз бас қатыратын дүние. Қазір Том тек бабында болу үшін жаттығып жүр. Біз оның техникасына жаңа элементтер қосып жатырмыз, бірақ ол шынайы спортшы ретінде рингке шығып, күшін сынаса, әлдеқайда дұрыс болар еді. Жаттығу – өз алдына бір бөлек дүние, ал нақты мақсат үшін дайындалу – мүлде басқа нәрсе. Одан бөлек, бұл – Томның кәсіби жұмысы. Ол осы арқылы күн көріп, табыс табуы керек. Мен де оның бапкері ретінде, табыс көзінен айырылып отырмын, өйткені Том жекпе-жек өткізбей келеді. Әрине, мәселе тек ақшада емес. Сен өз шәкіртіңнің дайын кезде өнер көрсеткенін көргің келеді. Бірақ ол төбелеспейді, ал бұл – өте өкінішті әрі ашуландырады», – деп келтіреді британдық маманның сөзін Bloody Elbow басылымы.

Ұқсас жазбалар

«Жай ғана жекпе-жекке шық». Экс-UFC файтері Аспинналды Джонсты күтпеуге шақырды

admin_kingring

Иэн Гэрри: «Ислам келсе — қуана қарсы аламын, ал Шавкатпен реванш алғым келеді»

admin_kingring

Иан Гарри Пратеспен жекпе-жекте жеңіске жетсе, UFC чемпиондық белбеуі үшін таласуға үмітті екенін мәлімдеді

admin_kingring