Kingring.kz
ДзюдоЖаңалықтар

Астанада пара дзюдодан әлем чемпионаты басталады

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін IBSA Judo World Championships Astana 2025 пара дзюдодан әлем чемпионаты төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылады. Ол — пара дзюдо әлеміндегі ең беделді дода.

Жарыстың өтуіне Халықаралық зағиптар спорт федерациясы (IBSA) қолдау білдірді. Онда 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиадаға маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Әлем чемпионатына жер-жаһанның 40 елінен келген 350-ден астам үздік спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында 15 Паралимпиада чемпионы мен жүлдегері бар.

Беделді бәсекеде ел намысын Ақмарал Науатбек, Ерғали Шәмей, Даяна Федосова, Жұрқамырза Шүкірбеков сынды ұлттық құрама көшбасшылары қорғайды. Сондай-ақ елорда татамиінде Алана Мартинс Мальдонадо (Бразилия), Южито Широ (Жапония), Флорин Болога (Румыния), Шерзод Намозов (Өзбекстан), Ибрахим Бөлүкбашы (Түркия) және басқа да атақты спортшылар белдеседі.

Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады.

Сондай-ақ, Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада салмағына кірмейтін 2 салмақта (ерлерде 64, әйелдерде 46 келі) жүлде сарапқа салынады.

Дүбірлі додада сағат 10:00–13:00 аралығында іріктеу белдесуі болса, 15:30–17:00 шамасында финал белгіленген.

Кейінгі үш жылда Астанада дзюдодан Grand Prix сериясының кезеңдері мен 2023 жылғы Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Осындай маңызды жарыстарды өткізу арқылы еліміз пара дзюдодан әлем чемпионатын қабылдауға лайықты екенін көрсетті деп хабарлайды

https://kaz.inform.kz/news/astanada-para-dzyudodan-alem-chempionati-bastaladi-ad9db0/ дейді

Ұқсас жазбалар

Ресейде өткен бокс турнирінде Қазақстан боксшылары өзбекстандықтарды ойсырата жеңді

admin_kingring

Мовсар Евлоев Махачевпен жекпе-жек туралы пікір білдірді

admin_kingring

Гилберт Бёрнс: «Махачев шын мәнінде жартылай орта салмақтың спортшысы, салмақ қуу арқылы өзін қинайды»

admin_kingring