Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан 10 мамыр күні Монреаль қаласында өтетін UFC 315 турниріне дайындығын жалғастыруда. Қазіргі таңда Алмахан АҚШ-та, әлемдегі ең танымал спорт залдарының бірі — American Top Team-де жаттығып жүр, деп хабарлайды kingring.kz порталы.
Жаттығу жиыны аясында Бекзат UFC-дің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы, бразилиялық Александр Пантожамен спарринг өткізді.
Алмахан үшін бұл октагонға ұзақ үзілістен кейінгі оралу болады. Ол UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін 2024 жылдың наурыз айында Умар Нурмагомедовке қарсы өткізіп, жеңіліп қалды. Алайда, ол қарсыласын Умарды нокдаунға түсірген алғашқы спортшы атанды.