Triumph Fights жаттығу залының жаттықтырушысы Қанат Рахимов Бекзат Алмаханның UFC-дегі келесі жекпе-жекке дайындығы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазір Бекзат Азатқа жекпе-жекке дайындалуға көмектесіп жатыр. Маусым айының соңында ол оқу-жаттығу жиынын бастайды. Қыркүйек айында өнер көрсетсек жақсы болар еді. Бізге топ-15 тізіміне кіретін файтерге қарсы жекпе-жек өткізу керек. Әбу-Дабиде нөмірлі турнир жоспарланған. Бұл жағдайда бас бапкер Дәнеш Дүнгенбаев бастаған біздің бүкіл командамыз Бекзат қолдауға барамыз», — деді Рахимов.
Еске салайық, Бекзат Алмахан (12-2) соңғы жекпе-жегін 10 мамырда Канададағы UFC 315 турнирінде өткізіп, бірінші раундта жергілікті файтер Брэд Катонаны (14-5) нокаутпен жеңген болатын.