UFC сарапшысы Чейл Соннен Ислам Махачев пен Илия Топурия жекпе-жегіне қатысты өз ойын ашық айтты:
Ислам бұл айқастан қашу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бұл қарапайым ғана шындық, достар. Ол Топуриядан жалтарды. Мен Исламды жақсы көремін, өзім де оны құрметтеймін. Бірақ шындықты жасырмай айту керек. Ол бұл жекпе-жекке шықпау үшін бар амалын жасады – салмақ дәрежесін өзгертпек болды, тіпті чемпиондық белбеуден бас тартуға дейін барды, – деді Соннен.