«Ауыр салмақтың ең ауқымды айқасы» «Қазірге дейін айтылып жатқан әңгімелердің бәрі – бос сөз. Біз ресми түрде жарияламайынша, ештеңеге сенбеңіздер. Мен бұған дейін де бірнеше мәрте айтқанмын: бұл – биыл өткізгіміз келетін жекпе-жек. Әлі де толық сенімдемін – біз бұл кездесуді ұйымдастырамыз. Бұл тек ұйым тарихындағы ғана емес, жалпы спорт тарихындағы ең ауқымды ауыр салмақтағы шайқас болады», – деді әлемнің ең мықты лигасының басшысы Дана Уайт Канзас-Ситидегі баспасөз мәслихатында.