UFC президенті Дана Уайт жартылай жеңіл салмақтағы (66 кг дейін) бұрынғы чемпион, Испания атынан өнер көрсететін грузин Илия Топурияның сөздеріне қатысты пікір білдірді. Топурия егер pound-for-pound рейтингінің көшбасшысы, ресейлік Ислам Махачев бұл салмақ дәрежесінде (яғни жартылай орта салмақта — 77 кг) чемпион атанса, сол салмаққа өту мүмкіндігін қарастыратынын айтқан еді.
«Көрейік, бәрі қалай болатынын. Ол әлі жаңа салмаққа енді ғана ауысты, ал біз қазірдің өзінде 77 кг туралы айтып жатырмыз ба? Алдымен осы жекпе-жекте қалай өнер көрсететінін, сосын Исламның қалай жұдырықтасатынын көрейік. Екеуі де бір-бірімен жекпе-жек өткізуді қатты қалайды», — деді Уайттың сөзін MMAJunkie келтіреді.
29 маусым күні Топурия жеңіл салмақта (70 кг) бұрынғы чемпион Чарльз Оливейрамен ұйымның вакантты чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.