UFC жеңіл салмағы (70 кг дейін) рейтингінде тоғызыншы орында тұрған америкалық Бенеил Дариуш Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 317 турнирінде грузиялық Илия Топурия мен бразилиялық Чарльз Оливейра арасында өтетін титул үшін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.
«Менің ойымша, бұл жекпе-жек көпшілік ойлағаннан әлдеқайда тартысты өтеді. Чарльз шынымен де өте мықты, оның джиу-джитсу шеберлігі керемет, ал соққы техникасы да жоғары деңгейде.
Дәл осы Чарльздың соққы техникасы Илия үшін үлкен мәселе туғызады. Себебі ол мықты боксшыларға қарсы өте қауіпті. Оның тізе соққысы, клинчтегі жұмысы Илияның қарқынын бәсеңдетуі мүмкін», — деді Дариуш Submission Radio басылымына берген сұхбатында.