Kingring.kz
UFCЖаңалықтарСараптама

Дастин Порье: «Мен Гэйджи мен Топуриямен жекпе-жек сұрадым»

👀 Атақты америкалық файтер Дастин Порье UFC басшылығынан Джастин Гэйтжи және Илия Топуриямен жекпе-жек ұйымдастыруды сұрағанын айтты:

«Мен Хантер Кэмпбеллден Джастин Гэйджимен жекпе-жек сұрадым. Өйткені біз бір-бірімізден бір рет жеңіп, бір рет жеңілгенбіз. Бұл трилогияны түйіндеуді қаладым. Ал Илия Топурия жеңіл салмаққа өтетінін мәлімдегенде, UFC-ге хабарласып: «Осы жігітке қандай жоспарларыңыз бар екенін маған айтыңыздар», – дедім. Бірақ олар бұл ұсыныстарды аса елеулі қабылдаған жоқ. Әйтеуір, Макс Холлоуэймен жекпе-жек ұйымдастыруды жөн көрді, енді сол кездесу өтетін болды», – деді Порье.

Сонымен қатар Дастин Порье өз сөзінде Макс Холлоуэйді аса жоғары бағалады:

«Макс – нағыз аңыз. Мен UFC-дегі алғашқы жекпе-жегімді онымен өткізген едім, ал енді мансабымды да онымен аяқтайын деп тұрмын. Егер мен тағы да жеңіске жетсем және BMF белдігін сақтап қалсам, бұл титул мәңгі менікі болады. Олар бұл белдікті қайтадан сарапқа салады деп ойламаймын, тек бір керемет оқиға орын алмаса», – деп түйіндеді спортшы.

Ұқсас жазбалар

Мераб Двалишвили UFC-дегі қатарынан 13-жеңісіне қол жеткізді

admin_kingring

Мовсар Евлоев UFC титулы үшін жекпе-жек өткізбейді

admin_kingring

Порье Топуриямен жекпе-жек өткізгім келді

admin_kingring