«Жеңіл салмақта текетірес әзірше тоқтап тұр. Жауынгерлерді жігерлендіру үшін әрдайым мықты қарсылас беру керек. Менің ойымша, Илия Топурия Ислам Махачевпен күш сынасуы тиіс. Пэдди Пимблетке қарсылас ретінде Дэн Хукер лайық. Ал Джастин Гэйджиге Арман Царукян немесе Матеуш Гамрот қарсы шыққаны дұрыс. Дивизион жандануы керек», – деді Порье.