Ресейлік кәсіпқой боксшы Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) Қырғызстанда Олимпиада чемпиондарының жоқтығы туралы сұраққа жауап бере отырып, Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің боксшыларды даярлау жүйесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kingring.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекеттің қолдауынсыз чемпиондарды тәрбиелеп шығару мүмкін емес. Қырғыз елінің жас боксшыларын көршілес Қазақстан, Өзбекстан немесе Ресейдің жастарымен салыстырсақ, ешқандай кемшілік байқамайсыз. Алайда, бұл мемлекеттердің жастарға қолдау деңгейі жоғары. Сондықтанда олардың жұдырықтасуы жақсы, олимпиада чемпиондары жиі шығады. Ал, бізде керісінше. Сондықтан, мемлекет егер бұл мәселені қолға алатын болса, қырғыздардың да бокс деңгейі өсетіні анық», — деді Бивол Youtube-тегі exclusiveKG арнасынаберген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанда дүниеге келген Бивол соңғы жекпе-жекті 22 ақпанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткізді. Сол күні ол Артур Бетербиевті (21-1, 20 КО) реваншта жеңіп, әлемнің абсолютті чемпионы атанды.